Тарихы » "№25 Жаңа жол ЖББМ" КММ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Жаңа жол жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
декабрь
2021

Тарихы

№25 «Жаңа жол» жалпы орта мектебі 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 

ТАРИХЫ 


Мақтарал ауданындағы Политотдел колхозында 1936 жылы В.П.Чкалов  атындағы бастауыш мектеп болып ашылып, 1-3 сыныпта 50-90 оқушы оқыды, 4-5 мұғалім сабақ берді, ал 1940-1945 жылдарда 4-5 сыныптар ашылып, 90-120 оқушы оқыды, мұғалімнің саны 5-6 болды. 1945-50 жылдары сынып саны 5-6, балалардың саны 120-150-ге дейін өсіп 8-12 мұғалім сабақ берді. 

1950 жылы В. М. Молотов атындағы атындағы жеті  жылдық мектеп болды. Сынып 7-9, 150-180 оқушылар білім алды, мұғалімдер саны 12-15 болды. 

1958 жылы мектептің аты Ш.Уәлиханов болып өзгертілді, сол жылдары мектепте 10 сынып комплектісі болды, 220-300 оқушылар оқыды.

1960-1970 жыл аралғында сегіз жылдық мектеп болды. 1963 жылы мектеп директоры Шыныбаев Сарсенбай, орынбасары Мамыров Нұрберген                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           жұмыс атқарды. 11-12 сынып, 300-340 оқушы, 20-22 мұғалім болды.

1970-1975 жылдары мектеп онжылдық болып, Умбетов Жақып директор болып қызмет атқарды. 1975-1980 жылдары 16-21 сынып, 390-430 оқушы, 25-35 мұғалім болды. Директор міндетін уақытша атқарушы Мамыров Нұрберген, орынбасары  Умбетова Күміс қызмет етті.

1980-1985 жылдары 21-22 сынып, 400-480 оқушы 35-40 мұғалім директоры Саттаров Жақсылық, орынбасары Кесслер Эльвира және Цай Фрид Александрович қызмет атқарды.

1985-2000 жылдары 22-23 сынып бар болып, 480-550 оқушы, 48-50 мұғалім болды. 

1989 жылы он бір жылдық болды, директор болып істеген 1983 жылы Сырлыбеков Молдахан, орынбасары Артықбаева Атлас.

1990 жылы Саттаров Жақсылық директор болып істеді. Орынбасары Джусупова Пернекуль. 2000-2009 жылдары 18-20 сынып болды. 300-360 оқушылар бар, 30-35 мұғалім қызмет атқарды.

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті  20.12.2000 жылы «Жаңа жол» орта мектебі деп өзгертілді. 

2008 жылдың қазан айынан бастап мектеп директоры Джусупова Пернекүл болды,  орынбасарлары: оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүльбану Айнабекова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейдағаилиева Тәттігүл қызмет атқарып келеді. Мектепте 19 сынып, 2 даярлық тобы бар, барлығы 380 оқушы білім алады. 

02.06.2010 жылы «Жаңа жол» жалпы орта мектебі  болып ауысты. мектеп директоры Джусупова Пернекүл  болды, орынбасарлары   Гүльбану Айнабекова, Сейдағалиева Тәттігүл болды.   


15.01.2013 жылы «Жаңа жол» жалпы орта мектебі  коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп деп өзгертілді. 


2014 жылдың қаңтар айында   мектеп директоры Джусупова Пернекүл   болды  оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Гүльбану Айнабекова, Таубай Венера, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Бимағанбетов Бақытжан, Сыдыкова Мадина болды. Мектепте 20 сынып, 2 даярлық тобы, 374 оқушы білім алды. 


2011 жылдың желтоқсан айында ашылған мектеп жанындағы шағын орталықта 1 топта 25 тәрбиеленуші тәрбиеленеді. Әдіскері Молдабекова Гүлнар, тәрбиешілер Зубайра Нурымбетова, Райхан Сындарова. 


2016 жылдың тамыз айында мектеп директоры Айнабекова Гүльбану, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Бимағанбетов Бақытжан, Таубай Венера, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Мадина Сыдыкова, Тупбаев Қайрат қызмет атақарды. Мектепте 20 сынып, 2 даярлық топ, 343 оқушы білім алды.


2018 жылы 8 маусымда қайтадан Жетісай және Мақтаарал ауданы болып екіге бөлініп,  29.11.2018 жылы №25 Жаңа жол» жалпы орта мектебі   коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп ауыстырылды. 


2019 жылдың 31 желтоқсан айында мектеп жанынан ашылған шағын орталық өз жұмысын тоқтатты.


2020 жылдың қаңтар айында мектеп директоры Айнабекова Гүльбану, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Бимағанбетов Бақытжан, Таубай Венера, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Мадина Сыдыкова, Сатыбалдиева Ақжарқын қызмет атқаруда. Мектепте 22 сынып, 2 даярлық топ,   341 оқушы білім алуда.