Айнабекова Гульбану Сайлаубековна » "№25 Жаңа жол ЖББМ" КММ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Жаңа жол жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Айнабекова Гульбану Сайлаубековна
12
декабрь
2023

Айнабекова Гульбану Сайлаубековна



     Айнабекова Гульбану Сайлаубековна 1971 жылы қаңтар айының 24 жұлдызында Оңтүстік Қазақсан облысы, Мақтаарал ауданы, Ырысты (бұрынғы Қызыл Ту) ауылында дүниеге келген. Жетісай ауданының, Қараөзек ауылының «№35 Қараөзек орта мектебін (бұрынғы Ы.Алтынсарин)» 1988 жылы бітірген.
1988–1993 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтынада оқып, химия-биология пәні мұғалімі  мамандығын бітіріп шықты. Отбасылы.
     1993 жылы осы мектепке химия-биология пәні мұғалімі болып қабылданды. 2008-2016 жылыдары директордың оқу-ісі орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдан №25 Жаңа жол жббм кмм-нің директоры лауазымында қызмет атқарып келеді.
      Айнабекова Гульбану, басшы-менеджер біліктілік санатты көшбасшы. Жоғары санатты,  химия-биология пәнінен педагог-зерттеуші  ұстаз. 
       Бәсекелестік пен  теңдік  қалыптасқан   қоғамда  жас ұрпаққа  сапалы  білім  беруде,  балалардың дүниеге кірпіш болып қалануы үшін  көшбасшы  ретінде  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданып  барлық жағдайларды  жасауды  көздейді.
       Мектеп директорының табысты жұмыс істеу тиімділігін ҰБТ қорытындысынан да көруге болады: 
2022-2023  оқу  жылында екеу «Алтын белгі», бес  «Үздік аттестат» иегерлері шықты. ҰБТ-ге  26  бітіруші қатысты. Он алты бітірушілер мен  «Алтын белгі»,  «Үздік  аттестат»  игерлері Еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алды.  
       Қорыта айтқанда,  мектептетің білім сапасы мен тәрбие саласында   жаңартылған білім беру мазмұны аясында  жұмыстар жүргізілуде. Басты мақсаты–жас ұрпақтың жаңаша ойлауына ықпал жасап, үміт артар жастарымыздың сапалы білім алуы мен бәсекеге қабілетті қоғамның толыққанды мүшесін қалыптастыру. «Шеберлік дегеніміз – қол жеткізуге болатын нәрсе» - деп жазды А.С.Макаренко – мектеп басшысы да тамаша шебер бола алады және болуға тиіс.